Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Қазақ болып туылғаныма өкінемін»Сәуле Әбілдаханқызы Талғардағы жағдайға байланысты үн қатты

Алматы облысы Талғар қаласында 16 жастағы Шерзатты бір топ еңгезердей жігіттер жабылып өлтіріп, кейін ата-анасының үйін өртеп жібергеніне қатысты қоғам белсендісі әрі журналист Сәуле Әбілдаханқызы қазақ халқына ащы үндеу жасады,деп хабарлайды Qazyr.kz.

«Орысты — орыс, немісті — неміс, ұйғырды — ұйғыр тағысын солай.Бір бөтелке сыра үшін, 500 теңге үшін, трассада жол бермегені үшін тағы да басқа. Жауыздықпен өлтіріп кетті, пышақтап кетті, басын жарып, көзін шығарды, үйін өртеп, көлігін жағып кетті, тонап кетті»- дегенді осы 35 жылда бір рет естідіңіздер ме? Мен естімеппін…

Бірақ қазақты — қазақ қырып жатқанын, қазақтың — қазақ қанын ағызып жатқанын, қазақты — қазақ аяқтан шалып, құлатып, тепкілеп, өлтіріп жатқанын, қазақты — қазақ лақтырып, алдап, сатып жатқанын күніне жүз рет естимін.Өз басымнан да талай өтті ондай оқиғалар…

Қазақ ұлт ретінде бітуге жақын… Бұл оқиғалардың бәрі — жоғарыдан жіберілген сынақ… Бір сынақтан дұрыс өте алмадың ба?
Онда одан да ауыр он сынаққа дайын бол!Ұлт ретінде өзіңді сақтаудың орнына,өзіңді жойып жатырсың ба? Онда мұндай сынақтар тоқтамайды, көбейе береді, күрделене береді…Осы сынақтардан, сын сағаттарынан ұлт ретінде қалай өтесің, соған лайықты сыбағаңды аласың қазақ! Қазақ осындай кезеңнен өтуі тиіс!Демек бұл кезеңнен дұрыс өтсең- есіңді жиып, етегіңді жабасың.Ал бұрыс кетсең — құрдымға құлап жоқ боласың.

Есіңді жи, қазақ! Хайуан болма!Адам бол!

Мен қазақты бұрын сұмдық қатты жақсы көруші едім.Кейінгі 10 жылда мен қазақты жақсы көре тұра,жек көремін.Жек көре тұра, жақсы көргім келеді.Қай ісін, қай қылығын жақсы көрейін деп ойлаймын да, таппаймын.Қазақ болғаным үшін ғана қазақты жақсы көруім керек пе?.Біреулер осы «Қазақ болып тумағанда қайтер ем»- деп пафосты бұрқыратады ғой.Мен, керісінше, қазақ болып туғаныма өкінемін…

Жапон, ағылшын, түрік, тым болмағанда неге өзбек боп тумадым екен?»,-деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Кілемдегі дақты қалай кетіруге болады?

redaktor_qazyr

Тайфуннан 233 адам қаза болды

Redaktor Site

Жүкті әйел шашын қиса не болады?

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты