Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Тайфуннан 233 адам қаза болды

Вьетнамда «Яги» тайфуны құрбандарының саны артып келеді, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Билік 233 адамның қайтыс болғанын растады. 800 адам жарақат алды. Тағы 103 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.

Олардың жартысына жуығы – Лаокай провинциясындағы қиранды, қоқыс тауларына айналып кеткен Ланг Ну кентінің тұрғындары. Онда дауылдан болған нөсер жауын салдарынан жергілікті өзендер арнасынан асып, көшкін орын алды.

Тірі қалғандарды іздеуге 500-ге жуық құтқарушы жұмылдырылды. Бірақ зардап шеккен аймаққа ауыр техниканы жеткізу мүмкін емес: жолдар жабылған немесе шайылған.

Ұқсас жаңалықтар

Шардарада 5400 түп ағаш егілді

admin_qazyr

Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді

admin_qazyr

Монтайтастық 21 жастағы жас жігітті өлімге итермелеген кімдер?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz