Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірэкономика

Қазақстан авияция мен әуехабтарын дамытудың кешенді жұмыстарын бастады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында шағын өңірлік авиацияның жаңа әуежайларын салу жобалары іске асырылып жатыр. Құрылыс маусымының ашылуына барлық қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әуежайлар ұзындығы 2 мың метрден асатын ұшу-қону жолақтарымен жабдықталады, деп хабарлайды Primeminister.kz

Үкімет отырысында көлік вице-министрі Талғат Ластаев хабарлағандай, жаңа бағыттарға қызмет көрсету үшін сыйымдылығы 74 жолаушыға дейін ATR-72 және Q-400 Bombardier өңірлік ұшақтары пайдаланылады. Олар Өнеркәсіпті дамыту қорының тетіктері арқылы сатып алынады. Басты міндет – Алматы, Астана және басқа да ірі қалалардан осы әуежайларға тікелей, халыққа қолжетімді әуе қатынасын ұйымдастыру.

Сонымен қатар мемлекет жыл сайын 26 әлеуметтік маңызы бар әуе бағытын субсидиялайды. Олардың ішінде Үшарал, Үржар, Түркістан, Ақтау және басқа да танымал туристік қалаларға бағыттар бар. Өткен жылы Үшарал, Үржар және Балқаш қалаларындағы шағын авиация терминалдары мен әуеайлақтарын жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жерүсті инфрақұрылымын жақсарту үшін 2024 жылы 10 әуежайда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді, 350 млрд теңге жеке инвестиция есебінен Алматы, Шымкент және Қызылордадағы жолаушылар терминалдары жаңғыртылды, бұл олардың өткізу мүмкіндігін 6,5 есеге арттырды. Ақтау және Павлодар әуежайларында ұшу-қону жолақтарын күрделі жөндеу биыл аяқталады.

Авиахабтарды дамыту және жүк ағынын арттыру үшін 6 негізгі әуежай анықталды. Оларды жаңғырту аясында $2,1 млрд жеке инвестиция тарту көзделген.

Тасымалдауды тұрақтандыру үшін авиаотынның жеткілікті қорын қамтамасыз ету маңызды. Авиаотын құнын төмендету, өндірісті ұлғайту және жеткізілімдегі делдалдарды жою үшін БҚДА және Энергетика министрлігімен жұмыс жүргізілуде.

2025 жылы 16 жаңа халықаралық бағыт жоспарланған. Азаматтық авиация академиясы жыл соңына дейін қазақстандық ұшқыштар мен инженерлерді даярлау үшін Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің сертификатын алуды жоспарлап отыр. Жыл сайын салаға 500-600 жаңа маман қажет, қазір Қазақстанның азаматтық авиациясында 23 мың адам жұмыс істейді.

Сондай-ақ Қазақстанның авиация саласының цифрлық трансформациясы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ірі жобалары шеңберінде дамуда. «E-freight» жүк тасымалдарында электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілді. Еліміздің әуежайларында жолаушыларға қағаз құжаттарын көрсетпей-ақ тіркеуден және бақылаудан өтуге мүмкіндік беретін «E-doc-airport» электрондық жеке куәлік жүйесі белсенді қолданылады.

Жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру, ұшақтың ұшу уақытын және отын шығынын азайту үшін бағыттарды оңтайландыру және рейстердің кешігуі кезінде цифрлық сақтандыру қызметі сияқты инновациялар іске асырылу сатысында. Бұл авиабилеттерді сатуға арналған қосымшаға енгізілген арнайы қызмет түрі, ол жолаушыларға рейс кешіктірілген жағдайда сақтандыруға және төлемдерді бірден алуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте екі жаяу жүргіншіні қаққан полиция қызметкері қамауға алынды

redaktor_qazyr

12 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Redaktor Site

Депутаттар нөпірмен су келе жатқанына алаңдаулы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz