Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Қазақстан ІІМ-гі шет елдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ақпараттық технологияларды қолданысқа енгізді

Ішкі істер министрлігі  туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қолға алды. Енді әрбір шетелдік  шекара бақылауынан өткен кезде электрондық көп тілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточкаға ие болады деп хабарлайды Qazyr.kz.

Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.

QR-коды бар алғашқы карточкалар елорданың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға беріле бастады.

SafeTravel.kz-те мына ақпараттар бар:

Полициямен жедел байланыс орнатуға арналған «102» мобильді қосымшасы, оның ішінде «SOS» функциясы;

Көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама;

Танымал қосымшаларға сілтеме мен турист қонаққа келген қаланың картасы;

Ресми такси мен онлайн-қызметтер тізімі;

Байланыс операторлары мен олардың ресми сайттарына сілтеме;

Түрлі оқиғалар бойынша әрекет ету алгоритмдері;

Жедел жәрдем, өрт сөндіру мен құтқару сияқты басқа да шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері ұсынылады;

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 2025 жылдан бастап студенттердің стипендиясы айтарлықтай өседі

redaktor_qazyr

Петр Гланц, Всеволод Кузнецов, Принц Лимон мен Аконя: Comic Con Astana фестивалінің үшінші күні қалай өтуде

redaktor_qazyr

Президент бәрін бақылап отыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz