Qazyr.kz порталы
Ауыл шаруашылығыҚазірҚоғамэкономика

Қазақстан мен Иран агроөнеркәсіп саласындағы әріптестікті нығайтуда

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы джихады министрі Голамреза Нури Гезельдже мырзамен кездесіп, агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады деп хабарлайды Qazyr.kz  Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, сондай-ақ Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты.

Тараптар екі ел президенттері деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі 20-отырыстың нәтижелерін және өзара тауар айналымын арттыру жолдарын талқылады.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласында өзара сауданы арттыру, логистикалық және транзиттік инфрақұрылымды дамыту мәселелері сөз болды. Қазақстан жыл сайын Иранға 2 млн тонна бидай мен 1 млн тонна арпа экспорттауды көздеп отыр. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанның АӨК өнімдерінің экспорты үш есеге өсіп, $116 млн-ды құрады.

Иран тарапынан мал шаруашылығы мен құс өсіру салаларында тәжірибе алмасуға қызығушылық танытылды. Екі ел бірлесіп қосылған құны жоғары ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларын іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл бағытта Kaz-Ir Agro компаниясының Қазақстандағы сафлор майын өндіру зауыты мен Solico Group-тың картоп фри өндірісі сияқты жобалар мысал ретінде қарастырылды.

Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық бойынша тараптар Каспий теңізінің транзиттік әлеуетін арттыруға және «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізін кеңейтуге мүдделілік білдірді. Аталған бағыт бойынша жүк тасымалы көлемі ағымдағы жылдың бес айында 74%-ға артып, 1,5 млн тоннаға жетті.

Кездесу қорытындысы бойынша, сауда-экономикалық ынтымақтастықты жеделдету үшін тиісті мемлекеттік органдар жанынан бірлескен жұмыс тобы құрылғаны атап өтілді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан теміржол саласында 4 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр

admin_qazyr

Семейде су құбыры жарылып, жүздеген тұрғын сусыз қалды

redaktor_qazyr

1 қыркүйек күні алматылық оқушылар мектепке бармайды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz