25.3 C
Шымкент
29-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратБілімЖаңалықтарҚазір

Қазақстан мен Оңтүстік Корея білім беру саласында жаңа жобаларды жүзеге асыруда

Қазақстан мен Оңтүстік Корея жоғары білім беру саласындағы әріптестікті кеңейту мақсатында жаңа бірлескен жобаларды іске қосты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Оңтүстік Кореяның білім вице-министрі О Сок Хван Алматыда өткен кездесуде бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Кездесу барысында Қазақстанның жаһандық білім беру кеңістігіне ықпалдасуы, шетелдік университеттердің филиалдарын ашу және академиялық жобаларды жүзеге асыру жайы сөз болды.

Министр Саясат Нұрбек Түркістан қаласында кореялық Woosong University филиалының құрылысы жүріп жатқанын атап өтті. Университет жаңа оқу жылында алғашқы студенттерді қабылдайды. Алғашқы жылы 110 стипендия бөлінсе, қазақстандық тарап та қосымша гранттар ұсынып отыр.

Бұдан бөлек, бірнеше университеттер арасында нақты әріптестік жобалар іске қосылды:

Dong-Eui University мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университет Қостанайдағы автозауыттарға инженерлер даярлауда;

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен SeoulTech қос дипломды бағдарламаны іске қосты;

Satbayev University мен KAIST сирек кездесетін  металдарды өңдеуге арналған зерттеу орталығын ашуда.

Вице-министр О Сок Хван Қазақстанның жоғары білім жүйесінің даму қарқынына жоғары баға беріп, елдің Орталық Азиядағы көшбасшы болу мүмкіндігін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, қос тарап Алматыда өткен «Study in Korea» көрмесінің ашылуына қатысты. Көрмеге 30-дан астам кореялық университет қатысып, қазақстандық талапкерлерге арнап оқу мүмкіндіктерін таныстырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Монша жағамын деп,шашын өртеп алды

redaktor_qazyr

Шымкентте 10 жасар бала субұрқаққа түсіп қаза болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz