Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірэкономика

Қазақстанда электрондық сауда көлемінің тұрақты өсуі байқалады

Сауда және интеграция министрлігі экономиканы цифрлық трансформациялаудағы электрондық сауданың негізгі рөлін атап өтеді. Ол қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың өсуін қолдайды, шағын және орта кәсіпкерліктің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ең бастысы — халық үшін тауарлар мен қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қазақстанда электрондық сауда көлемінің тұрақты өсуі байқалады: соңғы 5 жылда 5 есеге жуық өсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ол тағы 3,2 трлн теңгеге артады деп күтілуде. Отандық маркетплейстер өткен жылы 150 млрд теңге салық төледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов мәлімдеді.

Спикер атап өткендей, еліміздегі ең танымал интернет-дүкендер Kaspi.kz, OZON, Wildberries, Halyk Market, Forte Market, Jusan Market, Clever, Flip.kz және басқалар.

Сонымен қатар Әсет Нүсіпов электронды сауданың дәстүрлі саудадан негізгі айырмашылықтарының бірін атап өтті.

«Электрондық сауда ашық және әділ іскерлік ортада жұмыс істейді. Дәстүрлі бөлшек саудада транзакциялардың едәуір бөлігі сұр аймақта қалуы мүмкін. Өткен жылы отандық маркетплейстер бюджетке 150 млрд теңге көлемінде салық төледі. Жыл ішінде өсім 1,3 есе қамтамасыз етілді. Халықаралық маркетплейстер 35 млрд теңгеден астам «Google салығын» төледі.

Әрине, бұл саланың серпінді дамуы жекелеген құқықтық, экономикалық және инфрақұрылымдық сын-қатерлермен ұштасады. Мәселен, қазіргі уақытта арнайы салық режимін қолдану үшін ЭҚЖЖ қызметінің санын қысқарту мәселесі белсенді талқылануда», — деді спикер.

Оның айтуынша, бұл бірегей мәселенің жаңа Салық кодексінің жобасына қатысы бар. Сауда және интеграция министрлігі уәкілетті мемлекеттік орган – Ұлттық экономика министрлігімен тиісті жұмыс жүргізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша бөлшек салық режимін қолдану үшін қызмет түрлерінің тізбесінде интернет арқылы 47.910 -ЭҚЖЖ бөлшек сауданы сақтау туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар Сауда және интеграция министрлігі қызметтің бұл түрі В2С сегментіне жататыны туралы ресми негіздеме хат жолдады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында өзіне қол салған полиция майоры,өліміне бастығы кінәлі екендігі жазып, хат қалдырған.

redaktor_qazyr

Алматы облысында жоғалған турист үш күннен кейін табылды

redaktor_qazyr

Президент Тоқаев Дональд Трампты АҚШ Президенті қызметіне кірісуімен құттықтады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz