Qazyr.kz порталы
АймақБілімҚазірҚоғам

Алматыда жұмысшы мамандардың байқауы өтті

Алматыда жұмысшы мамандардың мәртебесін көтеруге бағытталған «Менің мамандығым — болашаққа бағдар!» байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаладағы колледждердің бірінің қабырғасында өткен додаға тек «Радиоэлектротехника және байланыс» бойынша білім алып жатқан 7 орта білім мекемесінің студенттері қатысты. Жарыс 7 кезеңнен тұрып, әр қатысушы өз саласының қыр-сырын таныстырды. Бірі — презентация қорғап, өз мамандығының маңызын ұғындырса, енді бірі – сызба сызды, кабель ұштап, цифрлық бағдарламада нақты тапсырмаларды орындады. Ұйымдастырушылар бұл іс-шараны жай бәсеке емес, болашаққа сеніммен қадам басқан жастардың шеберлік алаңы деп атап өтті. Байқау соңында үздік деп танылғандар арнайы марапаттарға ие болды.

«Мақсаты – «Радио электротехника және байланыс» мамандығының деңгейін көтеру. Себебі студенттер көбінесе мамандықты таңдамайды. Бұл маңызды мамандық екенін көрсету», – деді колледж директоры Ерасыл Мамырбеков.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы экотуризмінің жаңа белесі: Алма-Арасан мен Үлкен Алматы шатқалындағы жобалар

admin_qazyr

Қарақытай мемлекеті

Redaktor Site

Құлдық қамыты: 250 азамат адам саудасының құрбаны болған

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz