Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасалады: кімдерге жеңілдік қарастырылған?

Қазақстан Парламенті Мәжілісі Конституцияның 30 жылдық мерейтойына байланысты бірқатар сотталғандарға рақымшылық жасау туралы заң жобасын қарауға қабылдады деп хабарлайды Qazyr.kz

Бұл бастама — Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің кейбір әйел сотталғандарды, атап айтқанда зорлық-зомбылықсыз құқық бұзушылықтар жасағандарды амнистиялау туралы ұсынысының нәтижесі. Ішкі істер министрлігі бұл ұсынысты жалпы қолдағанымен, қоғам тарапынан келеңсіз реакциялар мен рақымшылыққа іліккендер тарапынан қайта құқық бұзушылықтардың орын алуы мүмкін екенін ескертті.

Амнистия кімдерге қолданылады?

Толық босатылатындар:

Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасағандар;

Орташа ауыр қылмыс жасап, зиян келтірмегендер, не оны толық өтегендер, немесе азаматтық талап қойылмағандар;

Әлеуметтік жағынан осал топқа жататындар, олар зиян келтірген-келтірмегеніне қарамастан орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған болса.

Қылмыстық іс өндірісіндегі істер:

Жоғарыда аталған санаттарға байланысты қылмыстық істер де тоқтатылатын болады.

Қалған жазасына бір жыл не одан аз мерзім қалғандар:

Орташа ауыр қылмыс жасаған және түрмеде жақсы тәртіп көрсеткендер де негізгі жазадан босатылады.

Кейбір сотталғандардың жазасы қысқартылады:

Ауыр қылмыс жасағандардың негізгі жазасы үштен біріне қысқарады;

Аса ауыр қылмыс жасағандар үшін төрттен бірге қысқартылады.

Әлеуметтік осал топқа кімдер жатады?

«Ардагерлер туралы» заң аясындағы ардагерлер;

Қылмыс жасаған кезде 18 жасқа толмағандар;

50 жастан асқан әйелдер, 60 жастан асқан ерлер;

Жүкті әйелдер;

Ата-ана құқығынан айырылмаған және кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер мен ерлер;

І топтағы және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар;

Бала кезінен мүгедек адамды асырап отырғандар.

Амнистиядан кімдер тыс қалады?

Заң жобасында рақымшылық қолданылмайтын қылмыстар тізімі де кең көрсетілген. Бұған жататындар:

Сыбайлас жемқорлық,

Терроризм,

Экстремизм,

Адам өлтіру,

Азаптау мен зорлық,

Өзін-өзі өлтіруге итермелеу,

Адам саудасы,

Жалған жала жабу және т.б.

Заң жобасына сын-пікірлер

Республикалық адвокаттар алқасы заң жобасының 4-бабында көрсетілген шектеулердің тым кең екенін айтып, бұл шараның әлеуметтік әсері төмен болады деп санайды. Адвокаттар қасақана емес, абайсызда жасалған қылмыстарға қатысты нақты ерекшеліктер қарастырылмағанын сынға алды.

Олардың айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтар көбіне зұлым ниетсіз және қасақана зиян келтіру мақсатысыз жасалады. Сондықтан амнистия қолданылса да, кінәлілер материалдық және моральдық зиянды өтеуге міндетті болып қала береді — бұл әділет пен гуманизм арасында тепе-теңдікті сақтайды.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Балық шаруашылығы: ұйқыдағы алыпты инвестициялар мен мемлекеттік субсидиялар оята ала ма?

admin_qazyr

Бұрынғы Мәдениет және спорт Вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды

redaktor_qazyr

2024 жылдың қаңтарынан бастап 17 жастағы ер-азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz