Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстанда медициналық кітапшалар электронды форматқа ауыстырылды

Қазақстанда медициналық кітапшалар электронды форматқа ауыстырылды,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Елімізде жеке медициналық кітапшалар енді электронды форматта жүргізіледі. Бұл жаңашылдық санитариялық талаптарды қадағалауды жеңілдетіп, құжат айналымын цифрландыруға бағытталған.

Азаматтар медициналық кітапшасының деректерін eGov mobile қосымшасындағы «E-Densaulyk» сервисінен көре алады. Құжат дайын болғанда, пайдаланушылар 1414 нөмірінен SMS-хабарлама алады.

Жаңа жүйе қоғамдық қызмет көрсету саласындағы 15 санаттағы қызметкерлерді қамтиды. Олардың қатарында қоғамдық тамақтану, білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс және қызмет көрсету салаларының мамандары бар.

Бұл өзгеріс құжат рәсімдеуді оңайлатып, медициналық бақылау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Депутаттар нөпірмен су келе жатқанына алаңдаулы

redaktor_qazyr

Белгілі өлкетанушы, журналист Балтабек Ерсәлімов дүниеден кетті

redaktor_qazyr

Шымкенттегі “Қиял әлемі” саябағы сүрілуі мүмкін

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz