Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстанда пациенттердің медициналық деректерін сақтау мерзімі белгіленеді

Қазақстанда пациенттердің медициналық деректерін сақтау мерзімі белгіленеді,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі цифрлық медициналық деректерді жинау, өңдеу, сақтау және қорғау қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа түзетулерге сәйкес, медициналық ақпараттардың сақтау мерзімі нақты бекітілмек.

Қанша уақыт сақталады?
Жобада диагностикалық жабдықтар арқылы алынған медициналық мәліметтердің сақталу мерзімі анық көрсетілген:

Ересектер үшін – 10 жыл

Балалар үшін – 15 жыл

Осы аралықта пациенттердің компьютерлік томография (КТ), рентгенография, электрокардиограмма (ЭКГ), эндоскопия, магниттік-резонанстық томография (МРТ) нәтижелері арнайы жүйеде сақталады.

Деректер қалай қорғалады?
Пациенттердің медициналық деректері бірегей сәйкестендіру нөмірлері арқылы жинақталады. Бұл ақпараттар белгіленген сақтау мерзімі аяқталған соң толық жойылады.

Қазіргі уақытта бұл жоба «Ашық НҚА» порталында қоғам талқылауына шығарылды. Азаматтар 14 ақпанға дейін өз пікірлерін білдіре алады.

Бұл өзгеріс медициналық ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және денсаулық сақтау саласындағы деректерді тиімді басқаруға бағытталмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Иводзима үшін шайқас

redaktor_qazyr

Шавкат Мирзиеев тағы да президент болып сайланды

redaktor_qazyr

Ақсукентте масайған ер адам жас жігітті көшеде ұрып,өлтіріп қойды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz