2025 жылдан бастап Қазақстанда жаңа әскери қызмет түрі – резервтегі қызмет енгізіледі. Бұл өзгеріс Мәжіліс депутаттарының жалпы отырысында екінші оқылымда қабылданған заң жобасы негізінде жүзеге асырылмақ.
Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары ерікті түрде резервтегі әскери қызметке шақырылатын болады. Бұл бастама еліміздің қорғаныс қабілетін арттырып, әскердің дайындығын күшейту мақсатында қабылданды. Резервке кімдер қосыла алатыны және бұл қызметтің шарттары туралы толық мәлімет инфографикада ұсынылған.