Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Жәнібек Әлімханұлы Астанада чемпиондық жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада чемпиондық жекпе-жек өткізуі мүмкін. Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, бұл жекпе-жекте отандасымыз абсолютті чемпион атағын жеңіп алу үшін шаршы алаңға шығады.

Әлімханұлы бұрыннан бұл атақты алу мақсатында айқасатынын айтып келген болатын. Сонымен қатар, боксшы жекпе-жек күні анық болғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2024 жылдың 4 қазанында Сиднейде рингке шығып, жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түсірген. Жақында Әлімханұлы көктемде өткізетін айқасы туралы мәлімдеген болатын, енді жекпе-жектің уақыты белгілі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев жазылған 82 мың хат: «Халық үніне құлақ асқан» мемлекет келбеті

admin_qazyr

Бірінші жартыжылдықта мәдениет саласында 1500 студент түрлі байқауда жеңімпаз атанды

admin_qazyr

Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты шұғыл жиын өткізді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz