Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстанда студенттерге ЖОО-на түсу үшін 10 жылға пайызсыз несие берілмек

Сурет: ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі

Қазақстанда студенттерге Жоғарғы оқу орнына түсу үшін 10 жылға пайызсыз несие берілмек.Бұл туралы Qazaq1913.com-ға сілтеп Qazyr.kz хабарлайды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізде студенттер үшін пайызсыз несие 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. Оқу несиесін 10 жыл мерзімге теңгемен ресімдеуге болады. Қарыз алушының өтеуі оператордың шотынан қаражат аударылған айдан кейінгі айдан басталады.

«Қаржы орталығында» хабарланғандай, қазіргі уақытта пилоттық жоба бар. Оған сәйкес, несиеге үміткерлер келесі 3 критерийге сай болуы керек:

Ішінара грант иегері болу;
тұрақты табыс көзі бар Қазақстан Республикасының кемінде бір еңбекке қабілетті азаматының кепілгерлігі берілуі қажет. Бұл өлшем жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы қарыз алушыларға қолданылмайды;
МБЖЖ шеңберінде тіркелген Білім беру жинақтаушы салымы немесе жасалған білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты болуы тиіс, өйткені бұл кредит ЖОО-ға МБЖЖ салымы немесе сақтандыру шарты арқылы аударылатын болады.
Бұған дейін, министрлік басшысы Саясат Нұрбек жоғары оқу орындарында оқуды қолжетімді ететін бірнеше құрал дайындап жатқандығын айтқан болатын. Білім беру қарыздарынан басқа, жас қазақстандықтарға сараланған гранттар ұсынылады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласына 14 су жаңа қоғамдык көлік берілді

redaktor_qazyr

104 жастағы ақсақалдың өсиеті

redaktor_qazyr

Арыста 30-шы қазан күні ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz