Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы петиция жарияланды

Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы петиция жарияланды.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.

Еpetition.kz сайтында зейнет жасын төмендету бойынша жарияланған петицияға қазірдің өзінде 3323 дауыс жинап үлгерді.Петицияны жариялаған авторлар зейнет жасын әйелдер үшін 55,ал ерлер үшін 58 жасты құрауын талап етуде.

Еңбек министрі Светлана Жақыпованың сөзінше, петиция 50 мың дауыс жинаса, министрлік жұмыс тобын жинап, халықпен бірге барлық пікірді ескеріп, шешім қабылдайды.

«Қазір зейнет жасына тиіспей, басқа шараларды қарастырып жатырмыз. Егер азаматтар ерте зейнетке шығуға ниет білдірсе, мысалы, мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығы, зейнетке шығуды кейінге қалдыру құқығы бар болса, біз оларға қатысты шараларды қарастырып жатырмыз», – деді министр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында көш бастап тұр

redaktor_qazyr

Дональд Трамп TikTok-ты «құтқару» мүмкіндігін қарастыруда

redaktor_qazyr

Арнаулы әлеуметтік төлем көлемі 208 мың теңге

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz