Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы петиция жарияланды

Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы петиция жарияланды.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.

Еpetition.kz сайтында зейнет жасын төмендету бойынша жарияланған петицияға қазірдің өзінде 3323 дауыс жинап үлгерді.Петицияны жариялаған авторлар зейнет жасын әйелдер үшін 55,ал ерлер үшін 58 жасты құрауын талап етуде.

Еңбек министрі Светлана Жақыпованың сөзінше, петиция 50 мың дауыс жинаса, министрлік жұмыс тобын жинап, халықпен бірге барлық пікірді ескеріп, шешім қабылдайды.

«Қазір зейнет жасына тиіспей, басқа шараларды қарастырып жатырмыз. Егер азаматтар ерте зейнетке шығуға ниет білдірсе, мысалы, мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығы, зейнетке шығуды кейінге қалдыру құқығы бар болса, біз оларға қатысты шараларды қарастырып жатырмыз», – деді министр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда қалаға айналуы мүмкін ауылдардың тізімі жарияланды

redaktor_qazyr

Қарағанды: Әкімнің баласы жаяу жүргіншіні қағып,айыппұлмен сытылып кеткен

redaktor_qazyr

Жетісу облысында 83 ойын және спорт алаңы салынды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz