Ресми болжамға сәйкес, 2027 жылға қарай елдегі балалар саны 8 млн ұлғаяды.Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова хабарлады.
Оның айтуынша, елімізде 7 мыңнан астам мектепте 3,8 млн бала білім алады.
«Осы саладағы негізгі мәселе орын тапшылығы, үш ауысымдылық және мектептердің апаттылығы болып отыр. Оны шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Жоба толық жүзеге асқан сәтте жоғарыда аталған мәселелер толық шешімін табады. Бұл шаралар балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған», — деді спикер ЛКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.