Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Енді Қазақстанда әскери борышын өтемеген азаматтарға,әскери билет алу міндеттелмейді

«Енді Қазақстанда әскери борышын өтемеген азаматтарға,әскери билет алу міндеттелмейді»,-деп хабарлайды Qazyr.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев, орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Әскери қызмет өткермегендерге бүгінде осы әскери билеттерді алуға тура келеді. Егер оны жоғалтып алса, айыппұл төлеуге міндеттеледі. Біз осыны алып тастамақпыз. Оның жеке кабинетінде әскери міндетті деген мәртебе болады, яғни цифрландырудың арқасында біз осындай нәтижелерге қол жеткіздік», — деді ол.

Бұл бастама техникалық тұрғыдан іске асырылған, оны заңнамаға сәйкестендіру жүріп жатыр.
Бұдан бөлек ол электронды үкімет порталындағы жеке кабинет тәрізді «Әскери қызметшінің кабинеті» модулі әзірленгенін айтты.

«Мұнда әртүрлі анықтамаларды алуға болады. Алдыңғы жылдары әскерилер өздеріне керек анықтамаларды алу үшін кадр бөліміне немесе қаржы бөліміне жүгінсе, енді санаулы минутта өздеріне керек анықтамаларды осы порталдан ала алады», — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Жақсыбек Кұлекеев : «Назарбаевтың жаны қиналып жүр»

redaktor_qazyr

Кризис келсе де, Қазақстан ішкі инвестиция арқылы белсенділікті қыздыратын болады

admin_qazyr

Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, Президент тапсырмаларын орындаудың үш жылдық бағдарламасын әзірледі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz