Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратБілімЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстандық ғалымдар онкологиялық ауруларды емдеуге арналған инновациялық препарат жасап, оны тіркеуге дайындық жүргізуде

Қазақстандық ғалымдар онкологиялық ауруларды емдеуге арналған инновациялық препарат жасап, оны тіркеуге дайындық жүргізуде. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов мәлімдеді.Бұл туралы  Қазір тілшісі хабарлайды.

«Ғалымдар әзірлеген бұл дәрі-дәрмек қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың екінші фазасынан өтуде. Сынақтар сәтті аяқталған жағдайда, препаратты биылғы жылдың соңына дейін тіркеу жоспарланып отыр», – деді Бектенов.

Сондай-ақ, онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін скринингтік тексерулер ауқымы едәуір кеңейтілген. Бір жыл ішінде онкологиялық скринингтен 2 миллион 800 мың адам өтіп, нәтижесінде қатерлі ісікке байланысты өлім-жітім көрсеткіші 3,5%-ға төмендеген.

«Скрининг арқылы ауруды ерте диагностикалау жұмыстары 38%-ға артты. Бұл бағытта маңызды нәтижелерге қол жеткізілді», – деп атап өтті Премьер-Министр.

Ғалымдардың жаңа препараты мен ерте диагностика бойынша жүргізілген шаралар онкологиялық ауруларға қарсы күресте Қазақстанның елеулі жетістіктерге жетіп жатқанын көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Шымкентте қараусыз қалған ғимараттан өрт шықты

redaktor_qazyr

Созылған, жыртылған теріні емдеу тәсілі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz