Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев америкалық Amazon компаниясымен олардың интернетін пайдалану туралы келісімге қол қоятынын мәлім етті.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.
“Маңыздылардың бірі – Amazon Kuiper. Ол Starlink, OneWeb аналогы. Осы бағытта бәсекелестікті дамыта отырып, азаматтарға қолжетімді бағада жақсырақ қызмет ала аламыз деп ойлаймын”, – деп айтты министр.