Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірСаясат

Батыс Қазақстанда заңсыз жер сатқандар құрықталды

Батыс Қазақстанда заңсыз жер сатқандар заң алдында жауап береді, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Бас прокуратураның мәліметінше, Бәйтерек ауданында жалпы ауданы 45,9 гектар жер телімдері бау-бақша және саяжай құрылысына сатып алу құқығымен азаматтардың жеке меншігіне заңсыз берілген.

Учаскені жеке меншікке беру кезінде белгіленген төлемнің базалық мөлшерлемесі негізсіз төмендетілгені, осылайша учаскелер 1,1 млн теңге көлемінде төмен бағамен сатылғаны анықталды, ал нақты бағасы 107,3 млн теңгені құрады.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығына қатысты қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармақ) жүргізді.

Ұқсас жаңалықтар

Ресейде Қазақстанда жоқ сараптама жасалады: депутат Шерзат ісі туралы айтты

admin_qazyr

Алматыда Career Day бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

admin_qazyr

Үш елдің паспортын алып, қазақтың байлығын сорған олигарх

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz