Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазірСаясат

Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады

«Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады»,бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлттық құрылтай отырысында мәлімдеді,-деп хабарлайды QAZYR.KZ тілшісі.

«Ал Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек.

Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады»,-деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте түрмедегі азамат қаза болды

Redaktor Site

Қайрат Нұртастың анасы қамаудағы ұлы туралы айтты

redaktor_qazyr

Үмбетай Уайдин: Журналист- ол…

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz