Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазірСаясат

Тоқаев: «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» Қыз алып қашуға тосқауыл қою керек!

 

«Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс.

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар». Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек»,-деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда ҰБТ — ға келген оқушы тест тапсырар алдын көз жұмды

redaktor_qazyr

Қазақстанға алпауыт Amazon интернет дүкені келе жатыр

redaktor_qazyr

Махаббаттың аспектілері туралы білесіз бе?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz