Qazyr.kz
БілімМәдениет

Қазақтың соңғы ханы–Кенесары

Қоқан хандығы жорығынан оралған Кенесары хан Орта жүз жеріне аттанады. Алайда бұл уақытта Патшалық Ресей тарапынан белгілі бір шаралар қолданылып соның салдарынан Орта жүз аумағындағы күресті жалғастыру мүмкін болмай қалады. Содан Кенесары хан Ұлы жүз жеріне кетуді ұйғарады. Ол інісі Наурызбайды жүз жауынгерді ертiп Кіші жүз жеріне көшіп-қону үшін жер бөліп беруге жiбередi. Рүстем сұлтан Наурызбайды қабылдап жер бөлуге сондай-ақ Кенесары ханды толық қолдауға уәде береді. 1846 жылы Кенесары хан Орта жүз жерінен кетті. Ұлы жүз жеріне келген ол қырғыз манаптарымен келіссөздер жүргізiп қырғыздар оны қолдауға уәде береді бірақ қос саясатты ұстанды. Кенесары хан мен қырғыздар арасындағы бітімге қарамастан соңғылары берген уәделерiн бұзып ханның сүйікті батырларының бірі Саурық батырды өлтіреді. Олардың әрекетіне жауап ретінде 1847 жылдың сәуірiнде Кенесары хан 15 мың әскерімен Қырғыз жеріне басып кіреді. Бұл шапқыншылық өте қатыгез болды содан кейін қырғыздар ұрысқа әзірлене бастайды. Майтөбе – Кеклік-Сеңгір дейтін жерде Ормон бастаған қырғыз манаптарымен шайқас болады. Бірақ Ормон манап өзінің құпия елшілері арқылы қазақ батырлары Сыпатай Әлібеков пен «Тентек төре» лақап атымен танылған Рүстем Әбілпайызды бауырлас екі елдің бірi-бірі қырып-жоюы адамгершілікке жатпайтындығына сендіріп әскерлерінің бiр бөлігін алып кетуге көндiредi. Кенесары ханға опасыздық жасаған олар әскерлерін шайқас алаңынан алып кетеді. Ең қиын мәселе су тапшылығы болды. Тағы бір мәселе жауынгерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етуде де қиындықтар туындады. Айта кетерлігі Жетісу жерінен Қырғыз жеріне барған кезде Орта және Кіші жүзден азық-түлік тиелген бірде-бір керуен болмаған. Барлық керуен жолдарды Патшалық Ресей жасақтары жауып тастаған болатын. Ұрыс бірнеше күнге созылды. Бес жүз жауынгермен қалса да Кенесары хан берiлмедi. Ақыры ұсталып үш айға жуық тұтқында болады. Өлім жазасына кесілмес бұрын ол намаз оқуға рұқсат сұрайды. Қазақтың соңғы ханының өлім жазасына кесілгенін тамашалау үшін қырғыздар тұтқын қазақтарды жазалау орнына айдап әкелгенде азап шеккен Кенесары ханның басы алынды. Кенесары ханның басын қырғыз манапы Ормон қырғыздардың Ресей империясына адалдығының белгісі ретінде Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаковқа сыйлық ретінде балауыз мөрі бар хатты сыйға тартты. Қырғыз манапы Ормон манап пен қырғыздарға Патшалық Ресейге адалдық танытқандары үшін оларды Алтын медальмен алтын галлонмен көмкерілген халатпен және мақтау қағазымен марапаттайды. Оған қоса Патшалық Ресейдің басты жауын жеңуін қамтамасыз еткен бас қолбасшы Үмбетәліге Алтын қылыш сыйға тапсырылады. Сондай-ақ Ормон манапқа Патшалық Ресейге адал қызметі Кенесары ханның басын алғаны және қазақ батырларын талқандағаны үшін орыс әскерінің «подполковнигі» әскери шені беріледі.

Губерниялық кеңсеге Кенесары ханның өліміне қатысты ақпарат келiп Жетісу қазақтарының рулары қырғыз манаптарын айыптап билер арасындағы қарым-қатынастың күрт нашарлауына әкеліп соқтырады. Соның көрінісі ретінде қырғыз батыры Төрегелдінің қазақтардың қолына түсуі себепкер болды. Майтөбеде өткен ақырғы ұрыстың зардаптарынан айыққан Жетісу қазақтары қыпшақтардың қолдауына сүйеніп қырғыз манаптарын сотқа беріп Кенесары ханның қазасы үшін құнын төлеуге талап етеді. Олардың батыл да нақты қадамы құн төлеуді талап етуі Төрегелдінің Кенесары ханның өлімі үшін қырғыздар ханның қадір-қасиетіне сай құн төлемейінше тұтқында болатынын жариялайды. Осыдан кейін Жетісу қазақтары жорыққа аттанып қырғыздардың бірнеше ауылын ойрандап қырғыздың бірнеше батырлары мен манаптарын өлтіреді. Аман қалғандарын қолға түсіріп құл саудасына өткiзiп жiбередi…..

Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Қуаныш Нұрпейсов (тарихшы)

 

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Міржақып Дулатұлы — Қайда едің?

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты