Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Толқын Қабылша

Сәттерімде көктен сауға сұраған,
Сәттерімде жұбана алмай жылаған,
Сақтау үшін, ойдан, мұңнан, күнәдан.
Бейуақытта маған ессіз ұнаған,
Сен аман бол,
Мен сүйетін бір адам!

Ғаламымнан мыңға жұмбақ,
көрінген,
Аспанымнан кермиық боп керілген,
Жазмышымнан маған сый боп берілген,
Жақсы атыңды күбірлейін еріннен,
Сен аман бол,
мен сүйетін бір адам!

Ғажайып та,
ғазал да емес, мұң да емес,
Ғайып та емес, ғарыш та емес, жыр да емес.
Жан біткеннен жасыратын сыр да емес.
Адалдықтың жаршысы боп жердегі,
Аман жүрші, әлдилеп мұң-кеудені.
Мені ешқашан сағынбайтын бір адам!

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Нұрлығайын Нұғманов – Алып қашу

Redaktor Site

Еліміздің мектептерде STEM және робототехника кабинеттері ашылуда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz