Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Қазақтың ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойынының атауын «Тоғызат» деп өзгертпек

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алдында қазақтың ұлттық ойыны «Тоғызқұмалақ» атауын өзгертуді ұсынды.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Ғалымдар мен зерттеушілердің пікірінше, бұл ойынның жалпытүркілік атауы бар, ол – Тоғызат. Этнограф Г.Загряжскийдің еңбегінен ойынның атауы XIX ғасырда «Тоғызат» аталғаны мәлім болып отыр. Тоғызқұмалақтың бұрынғы атауы «Тоғызат» екендігін білдіретін қарақалпақ және қырғыз елдерінің ойындарының атауын да кездестіруге болады. Осы деректерді ескере отырып, алдағы V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дейін жалпытүркілік бұл зияткерлік спорттың атауын ортақ нұсқамен «Тоғызат» атауын қалыптастыру шараларын қолға алуды ұсынамыз. Ол үшін Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының қатысуымен біріккен шешім қабылдаған дұрыс болады», — деді Мәжіліс депутаты.

Ұқсас жаңалықтар

Бейбіт Қорған «Астарлы ақиқат» бағдарламасын сотқа бермекші

redaktor_qazyr

Түркістан облысының мектептерінде 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен оқушыларға білім беріп жүрген

redaktor_qazyr

Қазақстан мен Бахрейн арасында әуе қатынасы ашылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz