Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

«Қазақстан ресейлік азық-түлікке тәуелді болудың алдында тұр»

«Қазақстан ресейлік азық-түлікке тәуелді болудың алдында тұр»: фермерлер дабыл қақты деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі Atameken business арнасына сілтеп.

Қазақстандық азық-түлік өндірушілер ресейлік әріптестерімен бәсекелестікке байланысты дабыл қағуды жалғастыруда, деп хабарлайды «Атамекен» ҰКП.

«Бүгінде қазақстандық қанттың өзіндік құны 440 теңге болса, ресейлік қант 350 теңгені құрап отыр. Қант зауыттары қоймалардың толып кетуіне байланысты өндірісін тоқтатуға мәжбүр», дейді Қант, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының басшысы Айжан Наурзғалиева.

«Қазір ресейлік шикі сүт қазақстандық сүт өңдеу кәсіпорындарына ҚҚС есебімен 130 теңгеден келіп түсіп жатыр. Ал біздің сүттің өзіндік құны 200 теңгені құрайды», – деп түсіндірді «Каверина С» ЖК басшысы Сергей Каверин.

Сондай-ақ, өңдеушілер үшін өзекті мәселелердің бірі экспорт кезінде ҚҚС қайтару екені айтылды.

Қайта өңдеушілер ҚР жаңа Салық кодексін әзірлеу кезінде шикізат пен қайта өңделген өнімді экспорттау кезінде ҚҚС-ты сараланған қайтаруды енгізу мүмкіндігі мәселесін пысықтауды ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақфильм» вице-президенті Серік Жұбандықов ақша жымқырғаны үшін 5 жылға сотталды

redaktor_qazyr

Президент Тоқаев сот ісін қашықтан жүргізу азаматтық істер бойынша аумақаралық соттылық жүйесін енгізуге мүмкіндік бергенін айтты

redaktor_qazyr

Президент Жаңа салық кодексіне қол қойды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz