-3.7 C
Шымкент
31-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
Мұнай-газ саласы

«Қазатомөнеркәсіп» жаңа учаскеде уранды барлау құқығына ие болды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Түркістан облысының Созақ ауданындағы Шу-Сарысу уран провинциясында орналасқан Инкай-Мыңқұдық учаскесінде уранды барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алды, – деп хабарлайды Qazyr.kz.

Лицензия 5 жылға ұзарту мүмкіндігімен 6 жыл мерзімге берілді. Жер қойнауын пайдалану құқығы тек Қазатомөнеркәсіпке тиесілі бұл учаске Инкай кен орнының Солтүстік қапталында жатыр.

– Инкай-Мыңқұдық учаскесін барлау минералды-шикізат базасын кеңейту және тиімді пайдалану бойынша біз бекіткен стратегияның маңызды бөлігі саналады. Сондай-ақ компанияның тұрақты өсуінің кезекті көрсеткіші болып табылады. Учаскенің әлеуеті зор, бұл оны ұзақ мерзімді пайдалану үшін перспективалы етеді.

Біз уран кен орындарын іздеу және барлау саласындағы жұмысымыз әлемдік уран нарығындағы көшбасшылығымызды нығайтатын елеулі нәтижелер әкелетінін мақтан тұтамыз, – деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

Р1 және Р2 санаттары бойынша Инкай-Мыңқұдық учаскесінің болжамды ресурстары 20 мың тонна ураннан асады. Жақын арада ресурстарды нақтылау және оларды С1 және С2 жоғары санаттарына ауыстыру үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, бұл учаскенің әлеуетін тиімді пайдалануға және компанияның ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын табысты іске асыруға мүмкіндік береді.

Экологиялық тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздікке назар аудару артқан қазіргі кезде атом энергетикасы таза энергияға жаһандық көшудің негізгі элементіне айналуда. Компания атом саласындағы әлемдік көшбасшы позициясын орнықты дамыту және нығайту арқылы осындай жаһандық өтуге жәрдемдесу бағытын ұстанған.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас ауылдық елді-мекенде қандай байланыс операторлары бар?

redaktor_qazyr

Connected болашақ образын түсіну конференциясы әлемнің 27 елінен 2000-нан астам сарапшыны біріктірді

redaktor_qazyr

Қазақстанда шетелден заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz