Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарМұнай-газ саласы

«ҚазМұнайГаз»: өткен жылдың қорытындысы

Pixabay.com

«ҚазМұнайГаз»: өткен жылдың қорытындысы

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы өткен жылы мұнай және конденсат өндіру көлемін 23,8 миллион тоннаға жеткізді. Бұл – 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,3 пайызға артық;

– мұнай өндіру деңгейін сақтап тұру үшін Технологиялық сын-қатерлер бағдарламасы іске асырылып жатыр. Жоба әрбір кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыруда сараланған әдістерді қолдануды қарастырады;
– Қаламқас-теңіз жобасын жобалау басталды, оның құны құны – 6,4 миллиард доллар;
– өткен жылы Торғай Палеозой, Қаратон Подсолевой, Қаражар және Тайсойған ұңғымаларында бұрғылау жұмыстары басталды. Олардың мұнай қоры 800 миллион тоннадан асады.
➤ былтыр мұнай тасымалдау көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артып, 83,6 миллион тоннаны құрады:
– 2024 жылы отандық мұнай өңдеу зауыттарында 17,44 миллион тонна мұнай өңделді. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеңіл мұнай өнімдері өндірісін 2023 жылмен салыстырғанда 370 мың тоннаға ұлғайту шаралары қабылданды.
➤ «CASPI BITUM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде битум өндірісін жылына 750 мың тоннаға дейін арттыру бойынша жоба қолға алынды;
➤ полиэтилен өндіретін зауыттың құрылыс жұмыстары басталды. Құны 7,4 миллиард долларға бағаланған кәсіпорын жылына 1 миллион 250 мың тонна өнім шығара алады;
➤ Маңғыстау облысында су тұшыту зауыты салынып жатыр. Бұл кәсіпорын Жаңаөзен қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қуаты 247 МВт болатын гибридті электр станциясының құрылысы жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жұмысын жалғастыруда.

redaktor_qazyr

Орал қаласында бастауыш сынып мұғалімін өз пәтерінде өлтіріп кетті

redaktor_qazyr

Алматы облысы Страсбург қаласында Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының сессиясында «Қазақ бұрышын» ұсынды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz