Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірМұнай-газ саласы

ҚазМұнайГаз: Ынтымақтастық артуда

Ынтымақтастық артуда
Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Shell концернінің аға вице-президенті және Қазақстандағы төрағасы Әли Әл-Жанабимен және Chevron корпорациясы Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директорының орынбасары Дилан Морганмен кездесті.
Келіссөздер барысында ҚазМұнайГаз Shell және Chevron компанияларына геологиялық ақпаратты пайдалану құқығын беру туралы келісімшарттар жасасты. Бұл бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлау үшін сейсмикалық зерттеу нәтижелерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
— Әлемнің жетекші энергетика компанияларымен серіктестігіміз Қазақстанда геологиялық барлау ісін дамытуға серпін беріп, жаңа технологиялар мен тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал ететініне сенімдіміз, — деді А.Хасенов.


Серіктестермен ынтымақтастық Ақтөбе облысында орналасқан «Мұғалжар» жобасының мүмкіндігін бірлесіп зерттеуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысында металлургия комбинаты салынады

admin_qazyr

WorldSkills Almaty-2025 X аймақтық чемпионатының жеңімпаздары анықталды

admin_qazyr

Астанада Comic Con Astana-2024 фестивалі басталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz