Келестегі кеңкелестің тірлігі «Анасын кірпішпен ұрып,16 жастағы қызды зорлап өлтіріп кеткен»деген ақпарат бар.
Келес ауданына қарасты Амангелді ауылында 16 жастағы қыз бен анасын белгісіз ер өлтіріп кетті.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.
Анонимді хат иесінің жазуынша,
«30 жастағы күдікті ер адам мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Сол кезде ол марқұм болған 16 жастағы оқушы қызға қырындап жүрген екен.Марқұм қыз мектеп директорына кіріп, оқиғаны айтып берген.Осыдан кейін мектеп директоры 30 жастағы мұғалімді жұмыстан шығарған.Жеп отырған нанынан айырылып ашуға булыққан ер адам,кек алу үшін ол түнде қыздың үйіне кіріп, анасын кірпішпен ұрып талдырып, қызды зорлап кейін анасымен бірге өлтіріп кеткен.
Қыздың үйінен шыққан ащы дауысты естіген көршісі үйінен атып шығып,есігін ашса әлгі ер адамды байқап қалған.
Қазір Келес ауданында болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарынына байланысты өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.