Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Кенжеғали Үсенбаев

Әже отыр немересін әлдилеп,
Жан сезімін бір ерекше ән билеп.
Немересін құшырлана иіскейді,
Әлди-әлди, ақ бөпешім, әлди деп.

Разы боп ата отыр Алла деп,
Бір ұрпақты бір ұрпаққа жалға деп.
Иіскейді омырауын сәбидің,
Бұдан өткен жұпар иіс бар ма деп?

Шүкір дейді, асып-шалқып, тасымай,
Дән риза отырғанға осылай.
Қол жүгіртіп борбайына сәбидің,
«Әпту»-летіп айтып қояр насыбай.

Алданышы әр шаңырақ, әр үйдің,
Балалы үйді базарлы үй деп танимын.
Әлемдегі барлық гүлдің иісі бар,
Омырауында жөргектегі сәбидің.

Ұқсас жаңалықтар

Үмбетай Уайдин: Журналист- ол…

redaktor_qazyr

Ақыл, сана туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Мұқағали Мақатаев

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz