Qazyr.kz порталы
ӘмбебапПайдалы кеңестер

Кілемдегі дақты қалай кетіруге болады?

Кейде асығыс-үсігіс бір нәрсе жасаймын деп қолдағы майды немесе басқа бір нәрсені төгіп алып, кілемді бүлдіріп аламыз. Ондай оқиғаға тап болсаңыз, мына қағиданы ескеруіңіз керек. Әлгі төгіп алған затыңыз кілемге дақ болып сіңіп қалмай тұрған кезде, бірден шүберек алып сүртіп тастаңыз.

1. Кофе, какао, шай төгілсе — 1 ас қасық глицеринді 1 литр мұздай сумен араластырып жуыңыз.

2. Сыра, шарап, ликер төгілген жағдайда кір жуатын ұнтақты жылы сумен араластырыңыз. Содан соң сол ерітіндіге шүберек малып, кілемдегі дақты сүртіңіз. Болғаннан кейін сірке су қосылған жылы сумен (1 шай қасық сірке су + 0,5 литр су) шайып алыңыз.

3. Аяқ киімге арналған крем төгіліп қалса, оның үстіне бірнеше тамшы сүт тамызыңыз. Сонда тез жібиді. Кейін сүртіп ала қоясыз.

4. Шүберектің орнына тіс щеткасын да қолдануға болады. Бірақ онымен абайлап сүрту керек.

Кілемдеріңіздің ұзақ өмір сүргенін қаласаңыз, мына бір ескертпелерді естен шығармаңыз:

— Кілемдер ыстық суды ұнатпайды;

— Өте қатты щеткалар кілеміңізді құртады;

— Дақты бірден жоюға тырысыңыз. Егер ұзақ тұрып қалса, кетіру қиынға соғады және кілеміңіз бүлінеді.

Ұқсас жаңалықтар

Темірхан Медетбек — Қалың ұйқы

Redaktor Site

«Оқушысынан кек алған д-шы ағай»Келесте 16 жастағы қыз бен анасын өлтіріп кеткені күдіктінің кім екенін туыстары айтып берді

redaktor_qazyr

Маса шағып алса не істеу керек?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz