Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратСаясат

Қоғам белсендісі Боқаев: Елтаңба ауыстыру бойынша «Бізге шығынның не қажеті бар?»

«Қоғам белсендісі,саясаткер Санжар Боқаев  президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15 наурызда Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда «Елтаңба ауыстыру» бойынша айтқан пікіріне,«Бізге шығынның не қажеті бар?»,-деп қосты әлеуметтік парақшасында.» Бұл туралы QAZYR.KZ  хабарлайды.

«Мен дәл қазір облыстық аурухана алдында тұрмын.Алдыңғы кіреберіс қабырғасында біздің Елтаңба тұр.Қабырғада тұрған, диаметрі 50 сантиметрлік Елтаңбаның біреуі  70 мың теңге тұрады.Ал одан үлкені диаметрі 1 метрлік Елтаңба шамамен 140 мың теңге тұрады.

Мемлекеттік мекемелерде, жергілікті атқарушы органдардағы біздің шенеуніктердің кабинеттеріндегі, одан бөлек тағы басқа да мекемелердің ғимараттарындағы Елтаңбаларды ауыстыру үшін бір жылда 7-8 млрд теңге жұмсаймыз.

Тағы қала бере,мекемелердің, елшіліктердің ғимарат қағаздарының барлығында Елтаңбамыз тұр. Осының барлығын ауыстыру үшін тағы да 2-3 млрд теңге қажет. Бізге осындай шығынның не қажеті бар?» — деді ол әлеуметтік желісіне бөліскен бейнежазбасында.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысында қатардағы сарбаз соққыдан дем жетіспей , комаға түскен

redaktor_qazyr

Мемлекеттік қызмет ардагерлері жас басшыларға бағыт-бағдар көрсетуде

redaktor_qazyr

Түркістан облысындағы вет қызметі басшысы әріптертеріне бөлінген сыйақы қаражатты өз пайдасына жаратып жіберген

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz