Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Мемлекеттік қызмет ардагерлері жас басшыларға бағыт-бағдар көрсетуде

Мемлекеттік қызмет ардагерлері жас басшыларға бағыт-бағдар көрсетуде,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Ақмола облысында Тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Іс-шараға жаңа тағайындалған Ақмола облысының табиғи ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Микишев Джанет, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин шақырылды.
Отырыс барысында пікір алмасу ұйымдастырылып, жаңа басшылар бейіндік саланы дамытуға қатысты өз көзқарастарымен бөлісті, сондай-ақ тәлімгерлерден өткен жылдардағы тәжірибе негізінде жұмыстың тиімді нысандары мен әдістеріне қатысты ұсынымдар алды.
Естеріңізге сала кетсек, Тәлімгерлер кеңесі мемлекеттік басқарудың сабақтастығы мен өңірлік кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсету мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен өңірдегі мемлекеттік қызмет ардагерлері қатарынан құрылған болатын.
Оның құрамына Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы ретінде Ақмола облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекеттік қызметтің ардагері Ермек Нұғыманов, тең құқылы төрағасы Департамент басшысы Думан Әбілев, кеңес мүшелері ретінде мемлекеттік қызмет ардагері Марат Құлмағамбетов, мемлекеттік қызмет ардагері, Ақмола облысы «Демалыс және туризм индустриясының ассоциациясы» ЗТБ президенті, ҚР туризмінің құрметті қызметкері, профессор Шынарбек Батырханов, ҚР Әділет органдарының құрметті қызметкері, мемлекеттік қызметтің ардагері Павел Трищ, мемлекеттік қызмет ардагері Ғалия Ташкина кірді.


Әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби тұрғыдан дамуы үшін тәжірибе алмасудың маңызы зор. Ал Тәлімгерлер кеңесінің отырыстарында ұйымдастырылатын осындай диалог алаңдары тәжірибе алмасу, тиімді шешімдер қабылдау және кеңес беру тұрғысынан өте тиімді.

Ұқсас жаңалықтар

Мәсімов президент Тоқаевтан кешірім сұрады

redaktor_qazyr

Сайрам ауданы: Қарыздарынан құтылу үшін дүкенге ұрлыққа түскен 23 жастағы жігіт ұсталды

redaktor_qazyr

Бірінші жартыжылдықта мәдениет саласында 1500 студент түрлі байқауда жеңімпаз атанды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz