Qazyr.kz порталы
Басты ақпарат

Қол астындағы қызметкерін балағаттаған мектеп директоры жұмыстан қуылды

  • Әлеуметтік желіде мектеп басшысы қарамағындағы қызметкермен дөрекі сөйлесіп жатқан видеосы тараған еді. Бұл туралы QAZYR.KZ Ақжайық басылымына сілтеп хабарлады.

Аудиожазбада мектеп директоры: “Мен сотталсам, маған сәлемдемені сен әкеліп тұрасың ба?”, – дейді.

Мектеп басшысының бұл әрекетіне қатысты Оқу-ағарту министрлігіне жіберілген сұрау жауапсыз қалмады. Атырау облысының Білім басқармасы директордың жазаланғанын мәлім етті.

“Атырау облыстық Білім беру басқармасы Білім туралы Заңының 45-бабының 3-тармағының 5-тармақшасына сай, өзіне сеніп тапсырылған мектептің қаржы-шаруашылығын жүргізуде қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланып, лауазымдық міндеттеріне жауапсыз қарағаны үшін Т. Амандосов атындағы орта мектеп директоры 2024 жылғы 4 қаңтарда лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Келестегі кеңкелестің тірлігі «Анасын кірпішпен ұрып,16 жастағы қызды зорлап өлтіріп кеткен»

redaktor_qazyr

Шымкентте жоғалған жігіттің мәйіті табылды: Ағасы інісінің өзіне қол салғанына сенбейді

redaktor_qazyr

Созақ ауданында жоғалған 4 жасар бүлдіршін сауда орталығынан табылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz