Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Созақ ауданында жоғалған 4 жасар бүлдіршін сауда орталығынан табылды

Созақ ауданында жоғалған 4 жасар бүлдіршін сауда орталығынан табылды.Бұл туралы QAZYR.KZ Түркістан облысының ПД баспасөзіне сілеп хабар таратады.

Кешкі уақытта үйінің ауласында ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар баласын іздеген жергілікті тұрғын Созақ ауданының полициясынан көмек сұрады.

Оқиғаға бірден назар аударған полиция дереу жеке құрамды жұмылдырды. Кешқұрым болған соң полицейлер уақыт жоғалтпастан еріктілерді де іздеу жұмыстарына қатыстыра отырып, көшелер мен ойын-сауық орындарын аралап, куәлардан жауаптар алды.

Үйлесімді жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде полиция 4 жасар бүлдіршінді үйінен шамамен 3 шақырым жердегі сауда орталығынан адасып жүрген жерінен аман-есен тапты.

Баласымен қауышқан ана Созақ ауданы полицейлерінің жедел әрекетіне сүйсініп, аналық алғысын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

admin_qazyr

Семізбұғы көлінің жағасында жаңа демалыс аймағы мен шипажай бой көтереді

admin_qazyr

Ыбырай Алтынсарин — өнер,білім бар жұртта

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz