-5.7 C
Шымкент
22-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Қолының сұғанақтығы бар» Атырауда педкеңестен шыққан мұғалім өзіне қол жұмсамақ болған

Aтырау қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім педагогикалық кеңестен кейін ауыр психологиялық күйзеліске түсіп, өз-өзіне қол салуға тырысқан.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған деректерге қарағанда, ұстазды жиналыс барысында көпшіліктің алдында балағаттап, «алаяқ» деп айыптаған. Бұл оқиға оның намысына қатты тиген.

«Кеңесте мені көпшіліктің көзінше қорлады. Бұған дейін директор мені «сұғанақтық жасайды» деп айыптаған еді. Мұндай масқарадан кейін басқа амалым қалмады», — дейді зардап шеккен ұстаз.

Қазіргі таңда Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету комитеті осы жағдайды бақылауға алып, тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрды.Сондай-ақ,мұғалімнің жағдайы тұрақты, оған қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

  • Бұл оқиға педагогтердің құқықтарын қорғау және жұмыс орнындағы моральдық-психологиялық климатты жақсарту мәселелерін шешудің өзектілігін көрсетіп отыр. Әрбір ұстаз құрметке және қолдауға лайық.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас ауылдық елді-мекенде қандай байланыс операторлары бар?

redaktor_qazyr

Қоғам белсендісі Боқаев: Елтаңба ауыстыру бойынша «Бізге шығынның не қажеті бар?»

redaktor_qazyr

Күмістің қасиеттері

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz