Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірСпорт

Қонаев қаласында балықшылар өзара мықтыны анықтады

Алматы облыстық балық аулау федерациясы Қонаев қаласы әкімдігімен бірлесіп, Қапшағай су қоймасында балық аулаудан ашық біріншілік ұйымдастырды.

Жарысқа Алматы облысының бірнеше өңірінен, сондай-ақ Алматы және Қонаев қалаларынан балықшылар қатысты. Барлығы 15 команда (әрқайсысы 3 адамнан) жеке және командалық есеп бойынша өзара сынға түсті. Біріншілік 5 сағатқа созылды.

Нәтижесінде ең үлкен балықты аулап, «Big Fish» арнайы жүлдесін Е. Кембаев жеңіп алды. Жеке есепте 1-орынды К. Курбанов, 2-орынды Д. Канавалов, 3-орынды Н. Шуляков иеленді. Ал командалық есепте «Қонаев-3» командасы 3-орынды, «Наутилус» командасы 2-орынды, ал «Feeder.kz» командасы 1-орынды қанжығасына байлады.

«Біздің федерация құрылғанына 1 жылдан енді асты. Осы уақыт ішінде мүшелік ететін адамдар саны айтарлықтай артты. Біз жылына 6-7 рет балық аулау жарысын ұйымдастырып отырамыз. Бұл жолы бізге қолдау көрсеткен Қонаев қаласы әкімдігіне алғыс білдіреміз», – деді федерация басшысының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік қолдау: Жетісуда мыңдаған бала лагерьде тегін демалады

admin_qazyr

Павлодарда шенеуніктер 144 миллион теңге жымқырған

admin_qazyr

Алдағы 3-4 айда үшінші дүниежүзішік соғыс басталып кетуі мүмкін- Дональд Трамп

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz