22.3 C
Шымкент
13-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратҚазірҚоғамСаясат

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың «косягы»: мемлекеттік саясатты 99,9% орыс тілінде жүргізеді

19 ақпан күні Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын интернет-ресурстар арасында облыстық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты жариялады.

Әкімдіктер мемлекеттік тапсырысты шетінен жариялап жатыр, бұл шарадан Қостанай облысы да қалыс қалған жоқ. Алайда, Қостанай облысының әкімдігі «бүйректен сирақ шығарып», мемлекеттік тілді босағасынан сығалатып қойыпты. Қалайша?

Облыс әкімдігі алты тақырып бойынша тапсырыс жариялаған. Олар төмендегідей:

Қостанай облысының қарқынды дамуына бағытталған іс-шараларды орыс тілінде (!) ақпараттық сүйемелдеу;

Азаматтық қоғам мен әлеуметтік оптимизмді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды орыс тілінде (!) ақпараттық жариялау;

Қостанай облысының жергілікті билік органдарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі қызметін орыс тілдерінде (!) ақпараттық сүйемелдеу;

Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік және орыс тілдерінде (!) ақпараттық жариялау;

Қостанай облысында экономика мен әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды орыс тілдерінде (!) іске асыруды ақпараттық ілгерілету;

Қостанай облысының жергілікті билік органдарының өңірдің орыс тілінде (!) бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған қызметін ақпараттық жария ету.

Байқасаңыз, алты тақырыптың алтауы да орыс тілді БАҚ-қа арналған. Яғни Қостанай облысында мемлекеттік саясат 99,9% орыс тілінде жүргізіледі деген сөз! Сонда мемлекеттік тіл – қазақ тілі қайда қалды?!

Қоғамдық даму басқармасы тек төртінші тақырыпта «әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық жариялау» деп қулық жасамақ болған. Оның өзі «итке сүйек тастағандай» боп шығыпты. Бәлкім, бұл облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қулығы шығар?

Бірақ бұл арзан қулық өтпейді. Өтпейтін себебі – ол өзін қанша жерден «северный» санаса да, Ресейдің губернаторы емес, әзірге Қостанай облысының әкімі! Одан бөлек, Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі! Ал егер Ақсақаловтың ойы басқа болса, онысын ашып айтсын!

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың «косягы» бұл ғана емес. Бұл мәселеге кейінірек айналып соғамыз. Алдымен Қостанай облысының «босағасынан сығалап» тұрған мемлекеттік тілді төрге оздыруымыз керек.

Ресейдің үш бірдей облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектесіп жатқан аймаққа ақсақалов сияқтыларды әкім етіп қою қауіпті екенін Ақорда осындай әрекеттерден-ақ түсінуі керек қой…

 

Ерік Рахым

Ұқсас жаңалықтар

Жаз айында ақша табатын жастар қандай жұмыс істеп жүр?

redaktor_qazyr

Ринат Зайытов:Қазақстанда алаяқтықтардың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды

redaktor_qazyr

Астана қаласына жаңа жылдық безендіруге 700 миллион қаржы бөлінбекші

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz