Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Шағыр ауыл көшелеріне қашан асфальт төселеді

Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Монтайтас ауылдық округінің құрамына кіретін Шағыр ауылының көшелеріне қашан асфальт жол төселеді?»,-деген сауалды Монтайтас округінің әкімдігіне жолдадық.Әкімдіктің айтуынша, қазір Шағыр ауылының көшелеріне тас жол төсеу бойынша жобалық сметалық құжаттама жасалынып,Арыс қаласының «ТҮКШ, ЖК және АЖ» бөліміне ұсыныс берілген, қаржы қаралған жағдайда жұмыстар жүргізілетінін хабарлайтын айтты.

«Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округі, Шағыр ауылының Егемендік көшесі (1350 м), Мұнайлы көшесі (1900 м) жобалық сметалық құжаттама әзірленіп 2022 жылы тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Жайлау көшесі (1350 м), кірме жол (660 м) көшелеріне орташа жөндеу асфальт төсетуге, және Шағыр ауылының шағын №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8, №9, №10, көшелеріне тас төсеу бойынша жобалық сметалық құжаттама жасалынып Арыс қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөліміне ұсыныс берілген, қаржы қаралған жағдайда жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймын.»,-делінген ауыл әкімдігі мәлімдемесінде.

Ұқсас жаңалықтар

Парижде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық көрме ашылды

admin_qazyr

Қадір түні

redaktor_qazyr

Қызылордада антикорға пара берген мешіт имамы жұмысынан қуылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz