-3.7 C
Шымкент
30-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Қосымша құн салығын көтеру қымбатшылыққа алып келеді

Қазақстанда қосылған құн салығын (ҚҚС) 12%-дан 20%-ға көтеру және тіркелу шегін 78 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету жөніндегі Үкімет ұсынысы қоғамда қызу талқыға түсуде. Танымал заңгер Ержан Есімханов бұл бастаманы сынға алып, мұндай қадам «экономика мен тұрғындардың қалтасына ауыр тиеді» дейді, деп хабарлайды Qazyr.kz Dalanews.kz. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап

Үкіметтің екі ұсынысы

Есімхановтың сөзінше, Үкімет екі басты өзгерісті қолға алмақ:

ҚҚС мөлшерін 20%-ға дейін көтеру

Тіркелу шегін 15 млн теңгеге төмендету

Заңгер бұл шешімдердің бизнеске ғана емес, қарапайым азаматтарға да салмақ түсіретінін атап өтті.

Импорт және баға өсімі

Қазақстанда ҚҚС импорт пен ішкі айналымға салынады. Есімханов импорттың ел экономикасындағы үлесі жоғары екенін ескеріп, салықтың өсуі бағаны бірден шарықтатады деп алаңдайды.

“Киім-кешек, смартфон, құрал-жабдық секілді тауардың басым бөлігі – шетелден келеді. ҚҚС мөлшерінің 12%-дан 20%-ға көтерілуі тауарлардың қымбаттауына әкеледі. Қарапайым азаматтарға күнделікті тұтынатын өнімдері үшін көбірек төлеуге тура келеді”, – дейді ол.

Шағын бизнеске әсері

Есімхановтың айтуынша, тіркелу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендету елдегі 80%-ға жуық жеке кәсіпкерді (ИП) ҚҚС төлеуге міндеттейді. Бұл қосымша есеп-қисап, бухгалтерлік шығынға ұшыратады. Нәтижесінде кішігірім дүкен, киоск немесе ауылдағы қойма да күрделі есеп жүргізуге мәжбүр болады.

“Тәжірибе көрсеткендей, бизнес мұндай шектеулерден ‘қашу’ үшін бірнеше ИП-ге бөліну тактикасын қолданады. Бұл – көлеңкелі экономиканың ұлғаюына және заңды кірістің жасырылуына әкелуі мүмкін”, – дейді заңгер.

Қаржылық ауыртпалық және несие

 

Заңгер импорт кезінде ҚҚС алдын ала төленетінін еске салып, бұл шара кәсіпкерлердің айналым қаражатын азайтатынын атап өтеді. Қазір 12% болса, кейін ол 20%-ға жетуі мүмкін. Шағын және орта бизнеске несие алуға тура келсе, оның пайызын да тұтынушы көтереді.

“Импорттық тауарлар бірден 8%-ға ғана емес, одан да жоғары көлемде қымбаттауы ықтимал. Себебі қосымша несие шығыны да бағаға қосылады”, – дейді ол.

Бюджет тапшылығының басқа шешімі бар ма?

Үкімет бұл реформаны елдегі бюджет тапшылығымен байланыстырып отыр. Есімханов болса “Мәселені шешу үшін алдымен тиімсіз шығындарды азайту керек” деп есептейді. Оның айтуынша, “қажетсіз шығындар мен жемқорлықты жою – бюджетті тұрақтандырудағы әлдеқайда тиімді жол”.

“Шындықты айту – жеке мүдде емес”

Есімханов өзі бұрыннан ҚҚС төлеуші екенін, сондықтан жеке қызығушылық үшін емес, “экономикалық тұрғыда негізсіз” бастаманы тоқтату ниетімен айтып отырғанын баса көрсетті.

“Шаң қауып жатқан тиімсіз жобалар мен астыртын шығындарды қысқартудың орнына, билік бизнеске қосымша салық жүктемек. Бұл сайып келгенде барлық азаматтың қалтасына ауыр тиеді”, – дейді заңгер.

Үкіметтің салық саясатына қатысты ұсыныстары қоғамда талқыланып жатқан тұста, сарапшылар мен кәсіпкерлер “шараларды асықпай, жан-жақты таразылап барып енгізу” қажет екенін ескертеді. Ал әзірге Үкімет реформаны жалғастыруға дайын екендігін аңғартуда.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТЖМ: 6 облыс су астында қалып отыр

redaktor_qazyr

Елімізге танымал әнші, Қытайдың Чанша қаласында өткен I am a Singer байқауының финалында 2 орын иегері Димаш Құдайберген,жақында қайтыс болған атасына арнап,Instagram парақшасында жазба қалдырлы.

redaktor_qazyr

Алматыда жүк көлігі жардан құлады

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz