Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Құймақ жасаудың 9 түрлі қоспасы

1. МИНЕРАЛДЫ СУ ҚОСЫЛҒАН ҚҰЙМАҚ

Қажетті заттар:
— 300 мл сүт
— 300 мл минералды су
— 100 гр сары май
— 3 жұмыртқа
— 210 гр ұн
— 1/4 шәй қасық тұз
-3 ас қасық қант
1. Сүтке сары майды қосып, газға қойыңыз.
2. Сүтті қайнатпаныз, тек сары май ерінгенге дейін газда араластырып тұрыңыз.
3. Сары май еріген соң сүтті газдан алып, оған қалған қажетті заттардың бәрін қосып қамыр біркелкі болғанға дейін араластырыныз.
4. Қызып тұрған табаға май жағып, қамырды аз мөлшерден құйып, екі жағында алтын түске енгенге дейін пісірініз . Құймақ дайын.

2. БАУЫРДАН ҚҰЙМАҚ + САЛМАСЫ

Құймаққа:
— 400-500 гр бауыр
— 500 мл сүт
— 3 жұмыртқа
— 3 ас қасық ұн
— тұз
Салмасына:
— 3 сәбіз
— 3 үлкен пияз
— 3 піскен жұмыртқа
— аздаған майонез
Салманы дайындау:
Сәбізді тёркадан өткіземіз. Пияз кубиктап тураймыз. Майға пияз бен сәбізді қуырып аламыз. Жұмыртқаны ірі тёркадан өткізіп аламыз да, бәрін қосып, майонезбен араластырамыз. Салма дайын.
Құймақ дайындаймыз:
Бауырды блендер арқылы немесе мясорубкадан өткіземіз. Құймаққа арналған барлық заттарды қосып, жақсылап араластырып, 5-10 минутқа тұрғызамыз. Әрбір құймақ сайын жеңіл-желпі май жағып, қарапайым құймақ секілді пісіреміз.
Одан кейін әрбір құймаққа жылы күйінде салманы жағып аламыз да, рулет тәрізді ораймыз.
Бұл құймақ жылы күйінде қаншалықты дәмді болса, суық күйінде соншалықты дәмді.

3. РІМШІК ПЕН АСКӨК ҚОСЫЛҒАН ҚҰЙМАҚ

Қажетті заттар:
— 2 стакан Сүт
— 2 шт жұмыртқа
— 1 стакан ұн
-150 гр ірімшік
-0,5 шай қасық тұз
— 1 шай қасық қант
— 0,5 шай қасық сода
— 2 ас қасық сары май
— Аскөк
1. Жылы сүтке жұмыртқа, қант, тұз салып араластырамыз.
2. Ұнды илеуіштен өткізіп сода саламыз.
3. Ірімшік үккіштен өткізіп қоймалжың қамырға саламыз.
4. Сосын май мен аскөкті уақтап турап саламыз.
5. Жақсылап бәрін араластырамыз.
6. Табаға май жағып екі жағын пісіреміз
Құймақ дайын.

4. СЫРА ҚОСЫЛҒАН ҚҰЙМАҚ

Қажетті заттар:
— 2 жұмыртқа
— 1 стақан сыра
— 1 стақан сүт
— 1 стақан ұн
— 1-2 ас қасық қант
— 1/2 шәй қасық сода
— тұз
— 4 ас қасық сұйық май
Жұмыртқаны шайқап, Оған тұз қосылған сыра мен сүтті қосамыз, жақсылап араластырамыз. Содан кейін ұнды қосамыз, жақсылап араластырамыз. Содан кейін қант, тұз, май қосып араластырып, соңында соданы қосамыз.
Қамыр сұйықтау болады, есесіне жұқа, селдір құймақ болып піседі.

5. КАРТОПТАН ҚҰЙМАҚ

— 5 орташа картоп
— 250-300 мл сүт
— 250-300 гр ұн
— 3-4 тіс сарымсақ
— 1 ас қасық қант
— 2-3 ас қасық сұйық май
— тұз
— 3 жұмыртқа
— петрушка, аскөк
1. Картопты қайнатып, өзі піскен суда, кесек калдырмай езбе жасаймыз.
2. Картоп езбесіне ыстық сүтті, езілген сарымсақ, жұмыртқа, қант, тұз, сұйық май, ұн қосып жақсылап араластырып қоямыз.
Қамыр аз дегенде 20 минут тұруы қажет.
3. Табаға аздап май қуйып, құймақты пісіреміз. Табаның шетінде орын қалу керек. Әйтпесе құймақты аудару қиын болады.
Құймақты құйғанда бетіне аскөкті сеуіп тұрамыз. Құймақ дайын.

6. АЙРАНМЕН ҚҰЙМАҚ

Қажетті заттар:
— 900 мл айран
— 2 жұмыртқа
— 4 а к шекер
— чуть чуть тұз
— 0,5 ч к сода
— 1 стакан ұн
Барлығын араластырып, блины пісірдым.
Қыздар сүтке қарағанда айранмен өте дәмді и жұмсақ болады екен. Маган ұнады. Құймақ дайын.

7. СҮТПЕН ҚАРАПАЙЫМ ҚҰЙМАҚ

Қажетті заттар:
— 500 мл сүт
— 1 жұмыртқа
— 3-4 ас қасық сұйық май
— 0,5 шəй қасық сода
— 2-3 шəй қасық қант
— пышақтың ұшымен тұз
— 100 гр ұн (аз немесе көп кетуі мүмкін)
Жылы сүтке қант, тұз, жұмыртқаны қосып араластырамыз да, ұн қосып, біркелкі қамыр болғанға дейін, арасында кесек қалдырмай араластырамыз. Сосын сұйық май мен соданы қосып араластырып, жарты сағаттай тұрғызамыз.
Арнайы табаға бір май жағып, құймақты пісіре береміз.
Дастарқанға қаймақ, тосап немесе джеммен ұсынамыз.

8. ЗЕБРА ҚҰЙМАҒЫ

Қажетті заттар:
— 1,5-2 стақан ұн
— 0,5 литр сүт
— 3-4 жұмыртқа
— 2-3 ас қасық қант
— 1-2 ас қасық сұйық май
— 0,5 шəйқасық сода
— аздаған тұз
— какао

Барлығын қосып араластырамыз. Құймаққа арналған қамыр дайын болғанда, 1 стақандай қамырды бөлек ыдысқа аламыз да, оған какао жəне аздаған қант қосамыз.
Табаға ақ қамырдан құя сала, үстіне қара қамырдан құйып шығамыз. (Қара қамырды целлофан пакетке құйып, тесіп істеседе болады.)
Сосын екінші бетің пісіреміз. Піскен құймақтың өрнекті жағына қаратып ораймыз.
Құймақ дайын.

9. ШОКОЛАДТЫ ҚҰЙМАҚ

Қажетті заттар:
— 500 мл сүт
— 2-3 жұмыртқа
— 3-4 ас қасық сұйық май
— ұн қажетінше (қамыр сұйықтау болуы керек)
— 2-3 ас қасық қант
— аздаған тұз
— 0,5 шəй қасық сода
— 2 ас қасық какао

Какаодан басқасын барлығын араластырып құймаққа қамыр дайындаймыз. Жарты сағаттай тұрғызамыз да, қамырды екіге бөлеміз. Бір бөлігін ақ күйінде қалдырамыз да, екінші бөлігіне какао қосамыз. (Какао қосылатын қамыр ақ қамырға қарағанда екі есе көп болуы керек)
Табаны қыздырып, май жағып дайындаймыз.
Қамыр құятын ожау, қасық т.б.ыдыспен алдымен ақ қамырдан іліп, сосын қара қамырдан алып, табаға құямыз. Екі бетің пісіреміз. Ақ оюлы шоколадты құймақ дайын.

Ұқсас жаңалықтар

Отбасының даму кезеңі қалай бөлінетінін білесіз бе?

Redaktor Site

Маған сыздауық жиі шығады, ол неліктен?

redaktor_qazyr

Ұстаз бен шәкірт

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz