16.3 C
Шымкент
16-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Құлдық қамыты: 250 азамат адам саудасының құрбаны болған

Былтыр Қазақстан мен шетелдің 250-ге жуық азаматы адам саудасының құрбаны болған. Оларға қандай көмек көретілгенін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты деп хабарлайды Qazyr.kz.

Адам саудасының құрбаны болған 247 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп, 32-сі жұмысқа орналастырылды.

«Әлеуметтік кодекске сәйкес, адам саудасының құрбандарына АӘҚ-тің кепілдендірілген көлемі, оның ішінде әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық көмек көретіледі. Сондай-ақ әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер алады», — дейді ведомство.

Бұл қызметтер 6 ай бойы көрсетіледі. Қылмыстық іс аяқталмаған немесе медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда 9 айға дейін ұзарту мүмкіндігі бар.

Қазір мұндай жандарға арналған 13 дағдарыс орталығы жұмыс істейді.

Былтыр анықталған 247 адамның 114-і шетел азаматы.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Марс ғаламшарының жаңа суреттері көрсетілді

admin_qazyr

Жетісу облысында «Ыстық ұя» экологиялық акциясы өтті

admin_qazyr

Үкімет пен бизнес өкілдері ҚҚС сараланған мөлшерлемесін талқылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz