Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Курьерлердің медкітапшасы болуы шарт  

Тамақ жеткізуші курьерлердің енді медициналық тексеруден өтіп, қолдарында санитарлық кітапшалары болу керек. Елімізде тамақ тасушылар үшін қаңтардың 1-нен бастап жаңа талап күшіне енді.

2025 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ҚР СИМ-гі техникалық реттеу және метрология комитеті қоғамдық тамақтандыруда қызмет көрсету,  дайын өнімдерді жеткізу қызметі  жалпы талаптар бойынша жаңа стандарттарды бекітті.

– Жаңа стандартты қолдану тамақ жеткізу нарығында ашықтықты қамтамасыз етіп, бір ізділікті қалыптастырады. Тұтынушылардың көңіліне сеніп ұялатып, азық-түлік қауіпсіздігін камтамасыз етеді, – деді комитет басшысы Жанна Есенбекова.

Тамақ жеткізуші курьерлер бұдан былай медициналық тексеруден өтіп, жұқпалы аурулары жоқ екенін дәлелдеуі тиіс. Сонымен қатар олар гигиеналық талаптарды орындап, этикалық нормаларды сақтауы шарт. Сонымен қатар комитет жеткізілген өнімдердің сыртқы қорабында ақау болмауы тексерілетінін хабарлады.

Қабылданған стандарттар қоғамдық тамақтандыру нысандарының, жеткізу қызметімен айналысатын компаниялардың жұмыс сапасын арттырады деген сенім мол.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда 21 жастағы жігітті троллейбус басып кетті

redaktor_qazyr

Сайрам ауданы: Қарыздарынан құтылу үшін дүкенге ұрлыққа түскен 23 жастағы жігіт ұсталды

redaktor_qazyr

Түркістан облысында 13 жыл бұрын валюта айырбастаушыны өлтіріп,қашып кеткен қылмыскер ұсталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz