Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Құстарды атамын деп баланы өлтірді

«Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды»,-деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі.

Анықталғандай, 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді.

Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында қызғалдақ жұлған қыз 11 млн теңге айыппұл арқалауы мүмкін

redaktor_qazyr

Абай Құнанбайдың оныншы қара сөзі

redaktor_qazyr

«Адам басына 1 дана ғана беріледі »Қазақстанда SIM карта сатуға шектеу қоймақшы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz