Qazyr.kz порталы
ӘлемҚазір

Қуырылған тастан жасалған тағам

Қытайдың әлеуметтік желілерінде, Қытайдың шығысында орналасқан,Хубэй ауылының аспаздары мен қарапайым адамдарының тастарды  — қуырғыш табада қуырып жатқанын көрсететін бейнежазбалар тарады,-деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі.

  Ерекше тағамның 1 кісіге арналған ыдысы 16 юань тұрады (шамамен 995теңге ).Кейіпкердің қызған майға- зімбір, сарымсақ соусы және чили бұрышы қосылған өзен тастарын қуырып жатқан бейнежазбасы,(бұл пісіру әдісін қуыру деп аталады екен) миллиондаған қаралымдарға ие болуда.Дегенімен, қытайлықтар тастарды жүздеген жылдар бұрын дайындаған және бұл тағам «суодиу» деп аталған, ол қазақ тілінде «сорып, лақтырыңыз» деп аударылады.

 Оны Янцзы өзенінің бойында, жүк жеткізу кезінде азық-түліктері таусылатын қайықшылар ойлап тапқан.Тағамның пайда болуы,қайықшылардың шұрылдаған асқазанын құрлыққа жеткенше алдаусырату еді.Олар дәмдеуіштерге тастарды батырып,құрлыққа жеткенше сорып асқазанды алдай тұрған.Сондай-ақ  тастарды сорпаға салып та, тағам әзірлеуге болады — сорпадағы тастар тағамға «балық дәмін» береді екен. Дегенімен, тағамның танымалдылығы 1980 жылдары, қытайлықтар моторлы қайықтарды пайдалана бастаған кезде жойылған екен.Бәлкім бұған жаңа технологияның пайда болуы,қайықшылардың құрлыққа бұрынғыдан қарағанда жылдам жетуі әсер еткен шығар!

Автор: Бердалы Ораз

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда «Үздік педагог» байқауы басталды

Redaktor Site

Шымкентте 32,65 автобустар жаңартылды.Жыл соңына дейін қала автобустары 100% жаңартылатын болады.

redaktor_qazyr

Маңғыстаудағы полигонда лейтенант атқан оқ сарбаздың бетіне тиіп,мерт қылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz