Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазір

Әскердегі әлімжеттік: «айтсаң тоқылдақсың!»

«Алматы облысы №3660 әскери бөлімінің сарбазы 20 жастағы Сапархан Қауынбай, өзінен үлкендер күнде ұратынын айтты»,-деп хабарлайды QAZYR.KZ Azattyq.org-ға сілтеп.

«Бізден 6 ай үлкендер ұрады.Күнде ұйықтар алдын басымыздан ұрып,ішімізден тебеді.Ешқандай тәртіп бұзбасақ та,іштері пысса болды жұдырығын ала жүргіреді.Ал осы туралы шағымданатын болсам «тоқылдақсың» деп, ротадағы балдар шеттетіп жібереді»,-дейді борышкер.

Онымен қоса,әскерде ақшалай бопсалау да барын жасырмады,өзінен үлкендер 1000-2000 теңге жинатып темекі,насыбай алдырады екен.

Ал бөлім командирінің айтуынша,“Әскерде ондай теріс қылықтар жоқ, біз ондайға жол бермейміз. Егер рас болса, әскери тергеу басқармасы онымен айналысады, тергейді. Мен өз басым мұндай нәрсе жоқ деймін”, – деді №3660 әскери бөлім командирі Жангелді Әбдіқадыров.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

admin_qazyr

Түркістан облысында 5 жаңа индустриалды аймақ құрылды

admin_qazyr

Алматыда 21 жастағы жігітті троллейбус басып кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz