Qazyr.kz порталы
АймақҚазірэкономика

Қызылордада санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын зауыт салынады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рока Қызылорда облысында жаңа өндірістік жоба аясында кездесу өткізді деп хабарлайды Qazyr.kz

Келіссөз барысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін зауыт салу және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Жоба аясында жылына 500 мыңға дейін өнім шығара алатын жоғары технологиялық кәсіпорын салу жоспарланып отыр. Зауыт Қызылорда облысындағы «Өндіріс» индустриялық аймағында орналасады. Өнімдер ішкі нарықпен қатар Орталық Азия елдеріне экспортталады. Жалпы инвестиция көлемі 70 миллион еуроны құрайды. Жоба іске асқан жағдайда шамамен 300 жаңа жұмыс орны ашылады.

Сантьяго де Гомар Рока Қазақстанды Орталық Азиядағы бизнесті дамыту үшін стратегиялық аймақ ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, елде өндірісті дамытуға қолайлы жағдай жасалған, ал Қызылордадағы жоба компанияның жаһандық даму стратегиясында маңызды рөл атқарады.

«Қазақстан – Орталық Азиядағы қатысуымызды кеңейту үшін қисынды таңдау. Біз елді өнеркәсіптік және логистикалық хаб ретінде қарастырамыз. Жоба аймақтық экономиканың дамуына оң әсер етеді», – деді Roca Group басшысы.

Өз кезегінде Премьер-министр Олжас Бектенов отандық өндірісті дамыту мен сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті төмендетудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларына сай келеді.

Кездесу нәтижесінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қызылорда облысы әкімдігі және Roca Group арасында инвестициялық жобаны іске асыру қағидаттары туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Қолының сұғанақтығы бар» Атырауда педкеңестен шыққан мұғалім өзіне қол жұмсамақ болған

redaktor_qazyr

Алматыда көру және есту қабілілеті төмен адамдар үшін жеті кітапхана жұмыс істейді

admin_qazyr

Қазақша афоризм

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz