Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Лала Жүнісқызы

Балалығым, пәктігім –
бал күндерді сағындым,
Мерекесі, шаттығы
мол күндерді сағындым.
Саялаған шынарым –
әке-шешем қасымда,
Еркелігім көтерген
сол күндерді сағындым.

Білім нәрін алғаным
мектебімді сағындым,
Жік бөлінбей арамыз
он жыл бірге оқыған,
Құрбылар мен қатарлас
өткен күнді сағындым.

Он алты жас – құлпырған
гүл кезімді сағындым,
Айта алмай қиналған,
бір сөзіңді сағындым.
Жалғыз маған арналған
дос сыныптас жігіттің,
Жүрегінде бүр жарған
нұр сезімді сағындым…

Ұқсас жаңалықтар

Минералды су зиян ба, пайдалы ма?

Redaktor Site

Таусылмас арман

redaktor_qazyr

Зейнолла Қабдолов

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz